Ұлттық банк 2020 жылы елордаға көшуі мүмкін

18:00, 9 қыркүйек 2019

Алматы. 9 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанның Ұлттық банкі 2020 жылы Нұр-Сұлтанға көшуі мүмкін, көшу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына (2021 жыл) дейін өтуі тиіс, деп мәлімдеді реттеушінің басшысы Ерболат Досаев дүйсенбі күнгі брифингте.

«Екі жылдан кейін болатын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық банк Нұр-Сұлтанда болуы тиіс деп есептеймін. Көшуге қажетті кезең өтті. Дайын болғанына қарай келесі жылы елордамызға көшеміз», — деді Досаев.

Сонымен қатар, реттеушінің басшысы жаңадан құрылып жатқан, ел Президентіне тікелей бағынатын Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік Алматыда орналасатынын атап өтті.

Досаев елдің бас банкінің орнын ауысутыруы басқа қаржы институттарының Нұр-Сұлтанға көшуіне алып келеді деп ойламайды.

«Мен барлық банктер бір сәтте бас кеңселерін елордаға көшіретін үрдісті көріп тұрған жоқпын. Тіпті First Heartland Japan Bank жаңа банкі өзінің бас кеңсесін Алматыға көшіреді», — деді ол.

Бұған дейін Ұлттық банкті елордаға 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін орналастыру жоспарланған болатын. Алайда, кейіннен қаржы реттегішінің басшылығы хабарлағандай, Ұлттық банктің орталық аппаратын Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіру қаржылық қиындықтарға байланысты кейінге қалдырылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!