Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды

16:19, 21 мамыр 2019

Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz – Ұлттық Банк «Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарды.

Бұл монеталар Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналады.

Монеталардың үш түрі шығарылды:

999 сынамды алтыннан, номиналы 50 000 теңгелік, массасы 1 кг, диаметрі 100 мм, таралымы 20 (жиырма) дана;

999 сынамды алтыннан, номиналы 500 теңгелік, массасы 31,1 грамм, диаметрі 32 мм, таралымы 500 (бес жүз) дана;

925 сынамды күмістен, номиналы 500 теңгелік, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, таралымы 1500 (бір мың бес жүз) дана.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың ресми эмблемасы және соғылған жылын білдіретін «2019» деген сан бейнеленген. Эмблема айналасында интерференциялық түрлі түсті бейнелеу және түсті бояу технологиясын қолдана отырып орындалған таспалы ою-өрнектерден және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің мемлекеттік туларынан композиция орналасқан. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!