Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы жоқ 2000 теңге жарамды

15:28, 21 ақпан 2020

Жақында тұрғындар арасында Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы жоқ 2000 теңгелік банкнот туралы ақпарат таратаған еді. Көпшілік мұны жалған әлде айналыстағы ақша екенін түсінбей, жалған ақшадан сақ болу туралы ақпарат таратқан.

Бұл оқиғаға түсінік берген Ұлттық банктің хабарлауынша Ұлттық Банк Төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталған.

«Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық Банк Төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар.

Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті», деп хабарлады Ұлттық банк.

Яғни, тұрғындардың алаңдауына қауіп жоқ. Егер тұрғындар мұндай ақшаға күмәнмен қараса, банкомат немесе терминал қабылдамаса банк бөлімшелеріне жүгінуге болады. Банк қызметкерлері ақшаның жалған немесе жалған еместігін айтады немесе клиенттің өтінішімен ауыстырып береді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!