Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне түсініктеме берді

12:04, 14 қазан 2019

Алматы. 14 қазан. 7kun.kz — 2019 жылғы қыркүйекте ішкі валюта нарығындағы жағдай мұнай нарығының қысымында болды. Мұнай бағасы 16 қыркүйекте барреліне 69 долларға дейін көтерілгеннен кейін, 2 қазанда барреліне 57,7 долларға дейін төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

«10 қазандағы жағдай бойынша мұнай барреліне 59,1 доллар болды. Нәтижесінде айырбастау бағамы қыркүйек айының басынан бастап 11 қазанға дейін бір доллар үшін 385,27–390,12 теңге шегінде өзгерді, осы кезеңдегі әлсіреу 0,5%-ды құрады. 2019 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 389,51 теңгені құрап, жыл басынан бері 1,4%-ға төмендеді», — деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 28,8 млрд долларды құрады.

«Жыл басынан бері олар банктермен валюталық своптарды өтеу және клиенттердің шоттарынан шет елге шетел валютасында кету нәтижесінде 6,8%-ға немесе 2,1 млрд долларға төмендеді. Қыркүйек айында алтын-валюта резервтері Үкіметтің еурооблигациялар шығаруынан шетел валютасының түсуі, банктердің Ұлттық банктегі мерзімді валюталық салымдары мен алтын сатып алу көлемінің өсуі нәтижесінде 2,1%-ға артты. Ұлттық қордың 59,4 млрд доллар көлеміндегі активтерін қоса алғанда, жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бері 0,8%-ға төмендеп, 88,2 млрд долларды құрады», — деп атап өтті Ерболат Досаев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!