Ұлттық банк 200 теңгелік монетаны айналымға енгізді

11:56, 28 қаңтар 2020
531

Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық Банкі номиналдық құны 200 теңге болатын биколорлық циркуляциялық монеталарды айналымға шығарды, деп хабарлады ҰБ-тің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес,  монеталардың 28 қаңтарда айналысқа шығарылады.

«Биколорлы циркуляциялық монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркем элементтерінің симбиозын байқауға болады (…) Айта кету керек, 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және табиғи тозуына қарай айналымнан алынады», — делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі диск никель жезден жасалған. Гурт тегіс және кедір-бұдырлы секторлары кезектесетін 16 тереңдікпен орындалған.

Монеталардың сыртқы жағындағы орталық бөлігінде мемлекеттік елтаңба, айналдыра – «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген жазу, монетаның төменгі бөлігінде – нақышталған жылды білдіретін «2020» деген жазу бейнеленген.

Монеталардың алдыңғы жағында (реверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін «200» деген жазу орналасқан. Монетаның жоғарғы және төменгі бөлігінде тік штрихктер түрінде орындалған ою-өрнектелген фрагменттері бар.

Бұдан басқа, монетаның төменгі бөлігінде — «TENGE» деген жазу, монетаның сол бөлігінде QAZAQSTAN ULTYQ BANKI банк-эмитентін білдіретін «RGB» деген аббревиатура бар. Монетаның оң жағында — қазақстандық теңге сарайының тауар белгісі.

Бұған дейін хабарланғандай, қолма-қол ақша айналымын тиімді ұйымдастыру және төменгі номиналдардың қызмет ету мерзімін ұлғайту үшін Ұлттық банк 2020 жылы номиналы 200 теңгелік монетаны шығарады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!