Ұлттық банк секторының жиынтық активтері 23,8 трлн теңге болды

11:55, 26 сәуір 2018

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – Банк секторының жиынтық активтері 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 23,8 трлн теңге болды. Жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі банктердің несие портфелінің 10%-ын құрайды. Банк секторының меншік капиталы жылдың басынан бері 1,6%-ға ұлғайып, 3,1 трлн теңге болды. Бұл жайлы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Ол 2017 жылы Ұлттық банктің қаржы секторын «қайта іске қосу» шеңберінде банк секторының орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асырғандығын айтып берді. Бағдарлама шеңберінде Казкоммерцбанк қалыпқа келтірілді және қазіргі уақытта ол үлкен қормен Ұлттық банк белгілеген нормативтерді орындап отыр. Экономикадағы барлық кредиттердің 30%-дан және халықтың және квазимемлекеттік сектордың барлық депозиттерінің 25%-дан астам үлесі бар елдің 5 ірі банкіне қолдау көрсетілді. Қолдау мөлшері 653,7 млрд теңге болды. 710 млрд теңге сомаға жұмыс істемейтін кредиттер есептен шығарылды.

«Мемлекеттік қолдау ортақ негізде көрсетілді. Банктің акционерлері 5 жыл бойы банктерді үстеме капиталдандыруға және активтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар жүргізуге міндеттеме қабылдады. Тұтастай алғанда, банктерді мемлекеттік қолдау есебінен олардың кредиттік қызметінің жандануы байқалады. Бағдарламаға енген сәттен бастап және 2018 жылғы 1 сәуірге дейін банктер қарыз алушылардың қайта құрылымдалуын ескере отырып, 865 млрд теңге сома, оның ішінде ШОБ субъектілеріне – 315 млрд теңге, корпоративтік бизнеске – 329 млрд теңге, жеке тұлғаларға – 222 млрд теңге қарыздар берілді», – деді Д. Ақышев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ұлттық банк Басқармасы банктерді үстеме капиталдандыру бойынша қараларға қатысты Бағдарламаны іске асыруды аяқтау туралы шешім қабылдады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!