Ұлттық банк қандай банктердің активтерін тексереді
Алматы. 09 тамыз. 7kun.kz — Ұлттық банк активтердің сапасын бағалаудан өтетін қаржы институттарының тізімін жариялады.
AssetQualityReview (AQR) процедурасын реттеуші осы жылдың 1 тамызында іске қосты.
«Ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында активтердің сапасын бағалау үшін банктер тізіміне Халық, Сбербанк, Kaspi bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит, АТФ банк, Еуразиялық банк, First Heartland Jýsan Bank, Bank RBK, Альфа-Банк, Altyn Bank, Нұрбанк, Банк Хоум Кредит және Банк ВТБ Қазақстан кірді», — деп хабарлады қадағалау ведомствосында.
Сапаны бағалау қорытындысы бойынша реттеуші Үкіметпен бірлесіп, қаржы құрылымдарына арналған шаралар мен ұсынымдар қабылдау бойынша таяудағы екі-үш жылға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын жасайды. Процедураны ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, AQR өткізу тендерін басқару консалтингі саласындағы халықаралық компания — Oliver Wyman жеңіп алды.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл