Ұлттық банк екінші жартыжылдықта базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін

11:07, 15 шілде 2019

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы Ерболат Досаев инфляцияны тежеу үшін жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлемені көтеру мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Ақша-несие саясаты саласында дәліз ішінде инфляцияны сақтау үшін шаралар қабылданатын болады: басты міндет — едәуір артқан шығындар бағасының өсуіне ықпал етуді тежеу. Екінші жарты жылдықта инфляциялық қысым күшейгенде базалық мөлшерлемені арттыру арқылы ақша-несие саясатын қатаңдату мүмкін»,-деді Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 5,4% деңгейінде қалыптасып, ағымдағы жылға 4-6% мақсатты дәліз ішінде сақталғанын еске салды. Бұл ретте бірінші жартыжылдықта базалық мөлшерлеме 9,25%-дан 9%-ға дейін төмендеді.

«Орта мерзімді перспективада экономиканың сыртқы оқиғаларға осалдығын төмендету үшін Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып, ақша-кредит саясатын үйлестіруді арттыру бойынша одан әрі тәсілдерді анықтады… Шығарылатын ноталардың мерзімін 1-3 айдан 6-12 айға дейін ұзарту есебінен ақша нарығында артық өтімділікті байланыстыру қамтамасыз етіледі», — деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, әлемдік экономиканың өсу болжамдарымен бірге мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 66 долларға дейін төмендеді. Сонымен қатар, ұлттық валюта бағамы сыртқы және ішкі факторлардың ықпалымен қалыптасты және жыл басынан бері 0,2%-ға нығайды. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, республикада шетел валютасындағы салымдарды алмастыру жалғасуда, депозиттердің долларлану деңгейі 39,4%-ға дейін қысқарды.

Сонымен қатар, Досаевтың мәлімдеуінше, елдің экспорттық өнімдеріне деген тұрақты сұраныс аясында елдің төлем балансын жақсарту жалғасып жатыр.

«Бірінші тоқсанда ағымдағы операциялар есебі профицитпен қалыптасты, 0,4 млрд долларды құрады. Жалпы алтын-валюта резервтері Ұлттық банктегі клиенттердің валюталық шоттарындағы қалдықтардың азаюы нәтижесінде жыл басынан бастап 28,2 млрд долларға дейін төмендеді. Ұлттық қордың активтері 58,2 млрд долларды, жалпы халықаралық резервтер 86,4 млрд долларды құрады», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!