Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12%-ға көтерді

11:53, 10 наурыз 2020

Алматы. 10 наурыз. 7kun.kz — Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің деңгейі бойынша кезектен тыс шешім қабылдады.

ҰБ хабарлауынша бүгіннен бастап, базалық мөлшерлеме пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін кеңейтіліп, жылдық 12 пайыз деңгейінде белгіленді.

«Базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім әлемдік экономикадағы ахуалдың күрт өзгеруіне қарай қабылданды. COVID-19 короновирусының таралу ауқымының айтарлықтай кеңеюі қазақстандық экспортты негізгі тұтынушы Қытай және Еуропалық одақ сияқты елдердің экономикалық даму перспективаларының нашарлауындағы негізгі факторға айналды. Brent сұрыпты мұнай бағасы 2020 жылғы 9 наурызда ОПЕК+ отырысына қатысушылардың мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талаптары туралы уағдаластыққа келе алмауы нәтижесінде күрт төмендеді. Оның белгіленген бағасы бір күнде 30 пайыздан аса барынша көп төмендеп, бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде болды», — делінген Ұлттық банк хабарламасында.




Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!