Ұлттық банк банктер мен МҚҰ-ға 6,3 млн теңге айыппұл салды

16:40, 19 шілде 2019
398

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық банк 2019 жылдың II тоқсанында бұзушылық үшін 4 млн теңгеден астам айыппұл салды.

Ұлттық банкте 2019 жылдың II тоқсанында банктерге қатысты 81 ықпал ету шарасы қолданылғанын атап өтті. Шаралар 4 075 878 теңге сомасына 13 әкімшілік айыппұлды және 68 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қамтиды.

Сонымен қатар, реттеушінің хабарлауынша, есепті кезеңде микроқаржы ұйымдарына 2,2 млн теңге айыппұл салынды. Аталған бұзушылықтар Ұлттық Банктің МҚҰ жиі жол беретін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын мониторингілеу және талдау барысында анықталды.

«2019 жылдың II тоқсанында анықталған бұзушылықтар бойынша МҚҰ-ға қатысты 13 шара қолданылды, оның ішінде бес әкімшілік айыппұл. Оның төртеуі — 2 242 000 теңге көлемінде айыппұл салу және өндіріп алу, бір әкімшілік құқық бұзушылық туралы ескерту», — деп хабарлады реттеуіш.

Сондай-ақ сегіз шектеулі ықпал ету шаралары қабылданды, оның ішінде жеті жазбаша ұйғарым және бір жазбаша ескерту.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!