Ұлттық банк AQR қорытындысын шығарды

12:21, 13 желтоқсан 2019
587

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Банк секторы активтерінің сапасын бағалау (Asset Quality Review) аяқталуға жақын. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол қандай жұмыстар атқарылғандығы туралы айтты.

«Қазіргі уақытта тоғыз блоктың төртеуі аяқталды. Қазірдің өзінде банктердің процестері мен саясаттарын талдау нәтижелері алынды, банктерге рәсімдерді жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді», – деді Досаев.

Бұдан басқа, кредиттік досьені талдау, кепілді қамтамасыз етуді бағалау, ұжымдық бағалау негізінде резервтеуді талдау жүргізу сатысында, деп толықтырды Досаев. 2019 жылдың екінші жартысында AQR аяқтау және оның нәтижелері бар есепті дайындау жоспарланып отыр.

2019 жылдың желтоқсан айының екінші жартысында AQR-ді аяқтау және оның нәтижелері туралы есеп дайындау жоспарланған.

«Бағалау аяқталғаннан кейін халықаралық тәжірибеге сәйкес банктердің бизнес-үдерістерін жақсарту бойынша түзету шараларының жоспарлары әзірленеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда банктерді капиталдандыру және провизияларды ұлғайту шаралары қарастырылады», — деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Еске сала кетейік, Ұлттық Банк халықаралық кеңесшілермен бірлесе отырып, күн сайын мониторинг пен бағалауға қатысушылардың барлығымен байланыс жасайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!