Украинада “Tesla” зауыты салынбақ
Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz – Украинада “Tesla” зауытының құрылысы басталуы мүмкін, деп хабарлайды Украинформ.
Инфрақұрылым министрі Владимир Омлеянның айтуы бойынша, егер Жоғарғы рада электромобильдер нарығын дамытудың 15 жылдық стратегиясын мақұлдаса, аталған жоба жүзеге асырылатын болады.
“Tesla” компаниясының гигафабрикаларының бірі Украинада бой көтеріп, тек Украина ғана емес, сонымен бірге еуропа нарығына электроавтокөліктер өндіруі біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Алайда біз толыққанды келіссөздерді тек парламент заң жобасын қабылдағаннан кейін ғана бастай аламыз. Аталған заң жобасы тек электрокарлар ғана емес, сонымен бірге литий-ионды батареялар жасау, литий өндіру, электрокарлар шығаратын зауыт салуды қамтитын Украинада электрокарлар нарығын дамыту бойынша 15 жылдық стратегияны қолдау үшін жасалған болатын. Яғни, бұл кешенді құжат деуге болады, оны қабылдағаннан кейін біз инвесторлармен толыққанды келіссөздерді бастай аламыз», – деді Владимир Омелян.
Министр бүгінгі таңда әлемдік компаниялар тарапынан бұл жобаға қызығушылық бар екенін, бірақ олардың бәрі жақын уақытта парламент талқылауына түсетін заңды күтіп отырғанын атап өтті.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл