Үкімет қаулысы шықты: кімдердің несиесі өтеледі

13:10, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға қатысты ҚР Үкіметінің қаулысы жарияланды.

Үкімет қаулысына сәйкес, ақшаны банктерге және микроқаржы ұйымдарына Проблемалық кредиттер қоры аударатын болады.

Көмекті көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдер алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектер бар отбасылар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; жетім балалар, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алады.

Орындалуды бақылау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелді, ол ай сайын бөлінген сомаларды пайдалану туралы есеп береді.

Сондай-ақ, қаулы мәтінінде 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, өтелуге жататындығы айтылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!