Үкімет басшысы экономикалық өсім қарқынын бәсеңдетпеуді бұйырды

20:25, 18 сәуір 2017

Биылғы үш айда еліміздің жалпы ішкі өнімі 3 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі хабарлады.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, оң динамикаға ауыл шаруашылығының қосқан үлесі басым. Саладағы өндіріс көлемі 2,9 пайызға артқан. Құрылыста да қарқын бар. Алғашқы тоқсанда 7,1 пайыз өсім байқалды. «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында қолданысқа берілген баспаналар қатары 25,3%-ға артқан. Ал өңдеу саласындағы өсім 6,5 пайыз болды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мұның жақсы көрсеткіш екенін айтты. Бірақ тоқмейілсуге болмайды. Мемлекет басшысы Үкімет алдына орташа мерзімді келешекте экономикалық өсім 5 пайызға өсуі керек деген міндет қойды. «Сондықтан министрліктер мен аймақ жетекшілері қазіргі қарқынды бір сәтке бәсеңдетпеуі тиіс», - деп түйді Үкімет басшысы.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!