ҮИИД бағдарламасының кей бағыттарына басымдық беріледі

19:23, 20 наурыз 2017

Елімізде енді өнімі сырт елде өтімді кәсіпорындарға қолдау күшейеді. Бұл – үнемі еңбек өнімділігін арттырып, тауарын тартымды қылуға талпынатын кәсіпкерлерді көбейтудің қамы.

Болатбек Беков, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» Ақ орталығының директоры:

-Кәсіпкерлер енді өндіріске басқаша қарайтын болады. Ең алдымен біз олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат еттік. Яғни олар өнім көлемін арттырып, экспортқа шығуға мүдделі болады. Егер өндірісті қарқынды етіп, шетелге шығара алатын тауарыңыз болса, басқаларға қарағанда сізге мемлекеттік қолдау бірінші көрсетіледі.

Жалпы үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдармаласы жүзеге асқалы бері, яғни 2010 жылдан бастап елімізге 4,7 трлн теңге инвестиция тартылды. Мыңнан астам жоба іске қосылды. Жаңа кәсіпорындар 8 трлн теңгенің өнімін өндіріп үлгерді. Оның ішінде титан құймаларынан бастап автомобиль, электровоз сияқты жаңа 500 өнім түрлері бар. 100 мыңға тарта адам еңбекпен қамтылды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!