Тұтунышылардың құқықтары мен заңды мүдделелерін бұзған микроқаржы ұйымдары анықталды

18:10, 19 сәуір 2018
491

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан республикасының Ұлттық банкі 2018 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша МҚҰ барынша жиі жол берген микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг және талдау жүргізді.
МҚҰ-ға қатысты анықталған бұзушылықтар қорытындысы бойынша 13 санкция мен шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды, оның ішінде:
– айыппұл салу және өндіріп алу түрінде 5 санкция (“Қарағанды Микроқаржы” микроқаржы ұйымы” ЖШС, “Экспресс қарыз” микроқаржы ұйымы” ЖШС және “Ақсай” МҚҰ” ЖШС);
– 8 шектеулі ықпал ету шарасы, олардың ішінде 8 жазбаша ұйғарым (“Абзал-Кредит” микроқаржы ұйымы” ЖШС, “SM-INVEST” МҚҰ” ЖШС, “Азия кредит қоры” МҚҰ” ЖШС, “Инкар & S” микроқаржы ұйымы” ЖШС, “Теньгофф” МҚҰ” ЖШС, “Ақсай” МҚҰ” ЖШС, “Орал” микроқаржы ұйымы” ЖШС және «Инкар & S» микроқаржы ұйымы” ЖШС).
Жүргізілген талдаудың нәтижелері МҚҰ мынадай:
– Микрокредит беру туралы шарттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне (“Абзал-Кредит” микроқаржы ұйымы” ЖШС, “Теньгофф” МҚҰ” ЖШС, “Ақсай” МҚҰ” ЖШС, “SM-INVEST” МҚҰ” ЖШС, “Экспресс қарыз” микроқаржы ұйымы” ЖШС, «Инкар & S» микроқаржы ұйымы” ЖШС);
– Ұлттық Банктің тиісті рұқсатынсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына (“Қарағанды Микроқаржы” микроқаржы ұйымы” ЖШС);
– ЖТСМ шекті мөлшерінің артуына (“Қарағанды Микроқаржы” микроқаржы ұйымы” ЖШС);
– микрокредит беру қағидаларын қарыз алушының көруіне және танысуына арналған орынға орналастыру тәртібінің бұзылуына (“Орал” микроқаржы ұйымы” ЖШС);
– кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтерді беруіне (“Экспресс қарыз” микроқаржы ұйымы” ЖШС, “Ақсай” МҚҰ” ЖШС) байланысты бұзушылықтарға жол бергенін көрсетті.

Микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың қандай да бір микроқаржы ұйымына шолу жасауы және олар көрсететін қызметтердің тиімділігі мен сапасын дербес айқындауы үшін Ұлттық Банк өзінің ресми интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) МҚҰ-ға қатысты қабылданған шаралар туралы ақпаратты орналастырады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!