Түскі саудада доллар бағамы 540 теңгеден төмендеді
© Фото: freepik
10 қазан 2025 жылы сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 539,06 теңге болды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,45 теңгеге төмен.
Рубльдің орташа бағамы 6,63 теңгеге дейін (–0,02) төмендеді, ал юань 75,86 теңге болды (–0,03).
Қаладағы айырбастау пункттерінде доллар 539,7–542,7 теңге, еуро 622,5–626,5 теңге, рубль 6,55–6,67 теңге аралығында сатылып жатыр.
Мұнай бағасы да төмендеу үрдісінде. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 65,04 долларды құрап, 0,18 долларға арзандады. Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнай бағасы 0,13 долларға төмендеп, 61,38 доллар болды.
Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі ресми айырбас бағамын төмендегідей бекітті:
- доллар – 541,54 теңге,
- еуро – 629,16 теңге,
- рубль – 6,64 теңге.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:33, 8 қараша 2025
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта курсы – 8 қараша
-
16:10, 7 қараша 2025
7 қарашадағы саудада доллар бағамы сәл төмендеді
-
11:54, 7 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы – 7 қараша
-
16:09, 6 қараша 2025
Доллардың бағамы тағы өсті
-
11:09, 6 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі валюта бағамы – 6 қарашадағы жағдай бойынша





