Тұрмысы нашар қазақстандықтар көбейіп жатыр

12:44, 20 ақпан 2017

2016 жылы қазақстандықтардың шынайы табысы 4,5%-ға азайған. Бұл соңғы 16 жылдағы өмір деңгейінің ең төменгі көрсеткіші деп жазады Ranking.kz порталы. 

2011-2015 жылдар аралығында елімізде табыс саны күнкөріс деңгейінен төмен халық саны күрт азайды. Бірақ 2016 жылы бұл үдеріс тоқтап, кері тенденция байқалды. 3 тоқсанның қорытындысы бойынша, табысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтар 452 мың болды, 2015 жылмен салыстырғанда 6 мың адамға көбейді.

Осыған дейінгі антирекорд 2009 жылы тіркеліп, шынайы табыс деңгейі 3,1%-ға азайған еді. Қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің төмендеуі жыл бойы жалғасқан.

Қазақстандағы тұрмысы төмен тұрғындар көбінде еліміздің оңтүстігінде тұрады. 2016 жылдың 3 тоқсанындағы есеп бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында 289,9 мың адам, Алматы облысында 201 мың адам және Алматы қаласында 175 мың адам.

Сараптамалық порталдың жазуынша, Қазақстандағы дәулетті тұрғындардың 10 пайызы жалпы халық табысының 23,6%-на ие.

 

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!