Түркияда Украина астығын тасымалдаған «Жібек жолы» кемесі ұсталды

20:39, 3 шілде 2022

Түркия. 3 шілде. 7kun.kz Түркияда украиналық астықты тасымалдаған Ресей туы астындағы «Жібек Жолы» кемесі ұсталды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Reuters Украинаның Анкарадағы елшісі Василий Боднарға сілтеме жасады.

«Қазір кеме портқа кіре берісте тұр, оны Түркияның кеден органдары ұстады», — деді Боднар.

Айта кетейік, Украина Бердянскіден украин астығын тасымалдап жатқан Ресей туын көтеріп жүрген кемені ұстауды сұрап, Түркияға жүгінген болатын. Кейін кеменің қазақстандық екендігі белгілі болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!