Түркия компаниясы Қазақстанда екі медициналық кешен салады

16:28, 12 маусым 2019
425

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz — Түріктің YDA Holding компаниясы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмі бойынша Қазақстанда екі аурухана кешенін салады.

Петропавлда кеңес беру-диагностикалық орталығы бар 500 төсек-орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысының жобасы туралы құжатқа Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов пен YDA Holding түрік компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейн қол қойды. Аурухана кешені 7 көпбейінді, тозған және бөлек-бөлек нысандардың орнына салынатын болады.

Екінші аурухана Түркістан қаласында салынады. Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, BI-Holding компаниясы консорциумы бақылаушы кеңесінің төрағасы  А. Рахымбаев және YDA Holding компаниясының басқарма төрағасы А. Хусейн 610 төсек-орындық көпбейінді облыстық медициналық орталық құрылысының жобасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Ауруханада онкологиялық және кардиологиялық бөлімдер, перинатальді орталық, жедел медициналық жәрдем станциясын және т.б ашу көзделген. Кешеннің құрылысы 2022 жылы аяқталады.

Екі медициналық нысанның құрылысына және жарақтандыруға тартылған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 50 млрд теңгені құрайды.

Айта кетейік, бұл жобалар Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалы жоспарлары шеңберінде іске асырылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!