Түркістанның балмұздақ өнімдері Өзбекстанға экспортталды

13:05, 23 шілде 2018
1606

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz – «Балмұздақ» ЖШС-і  алғаш рет 6 млн. 130 мың теңге тұратын 8746 кг көлеміндегі өнімінің алғашқы партиясын экспортқа шығарды. Өнім партиясы – Өзбекстан еліне жіберілді.

«Балмұздақ» ЖШС-і ұдайы заман талабына сай озық технологияларды ендіріп, балмұздақ өндірісі үшін қажетті барлық шикізатпен қамтамасыз етілген, арнайы талапқа сай сертификаттары бар. Бүгінгі таңда 200-ден астам жұмысшысы бар кәсіпорында 50-ге жуық балмұздақ түрі өндіріледі.

«Балмұздақ» ЖШС-нің тарихы сонау 1987 жылдан бастау алады. Қоғамдық тамақтану кәсіподағына қарасты кішігірім цех ретінде негізі қаланған ол (сол кезде Ленгер Райпотребсоюзы) балмұздақ өндіру кооперативі болып құрылған. Райпотребсоюздан жеке меншікке сатып алу негізінде, фирма ретінде «Балмұздақ» ЖШС-і болып 1998 жылы наурыз айында қайта құрылған. Бұл Түркістан облысындағы алғашқы жеке меншік балмұздақ өндірісі еді.

Айта кетерлігі, кәсіпорын жақын арада өз тауарын Қырғызстанға, ал болашақта барлық Орта Азияға экспорттауды көздеп отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!