Түркістан облысының өнімдері Өзбекстанға экспортталып жатыр

15:39, 18 шілде 2018

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – Түркістан облысынан Өзбекстан Республикасына жөнелтілетін ауыл шаруашылығы өнім көлемі артып келеді. Бүгінгі таңда өңірден көрші елге ұн, ет, май өнімдері экспортталуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2018 жылдың 6 айында облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 146,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 млрд. теңгеге артқан. Республикада өнім көлемі бойынша облыстың үлесі 14,6 пайызға жетіп, 2-орынды иеленіп отыр. Ал, ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 68,6 млн АҚШ долларын құрап 18,2 пайызға артып отыр.

«2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4686,4 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34 пайызды құрады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 448 мың гектар суармалы жерді игеру жоспары қазіргі таңда 3,3 пайызға артығымен орындалған. Бұдан өзге, биыл ауыл шаруашылығы саласындағы барлық техникалардың 6,2 пайызы жаңарды», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!