Түркістан облысынан мұнай табылды

09:56, 19 қараша 2019

Алматы. 19 қараша. 7kun.kz — Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қаратау тауларында боксит іздеу кезінде мұнай көріністері байқалғаны туралы мәлімдеді.

Министрлік мұнай көріністері алғаш рет таудың таяз тереңдігінде кездескенін атап өтті. Нақты орны — Түркістан облысы Шақпақ учаскесіндегі палеозой дәуірінде пайда болған тауаралық ойыс.

«Іздеу-түсіру экспедициясы Үлкен Қаратау Леонтьев ойысындағы геофизикалық ауытқуларға боксит кені жəне онымен байланысты қорғасын, мырыш жəне сирек жерлерді табу үшін зерттеу жүргізді. Осы мақсатта 300 м дейінгі тереңдіктегі ұңғыма бұрғыланды. Бұрғыланған түрлі тереңдіктегі 39 ұңғыманың 11 қоңыр түсті түрлі реңктегі сұйық-тамшылы мұнай табылды. Сондай-ақ бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінде мұнай қабықшасының шығарылуы жəне осы бұрғылау ерітіндісінің газдануы байқалды», — деп хабарлады ведомствода.

Шақпақ учаскесіндегі мұнайдың бұл көріністері — Қазақстанның таулы жерлеріндегі біріншісі және Сырдария мен Шу-Сарысу ойпаттарының мұнай-газ әлеуетін болжау үшін маңызды.

Бұған Шу-Сарысу ойпатында бірнеше ұсақ газ кен орындары ашылды, олардың ішінде ең танымал: Амангелді және Придорожное кен орындары.

«Енді Сырдария мен Шу-Сарысу ойпаттары мұнай іздеу үшін перспективаға айналады», — деп атап өтті министрлікте.

Айта кетейік, учаскеде барлау және бұрғылау жұмыстары жалғасады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!