Тұрғын үй сатып алуға жеткілікті зейнетақы жинағының шегі қайта есептеледі

15:25, 24 қаңтар 2020
591

Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев үкімет жылжымайтын мүлік сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейтінін мәлім етті.

Сапарбаевтың хабарлауынша, жұмыс Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікпен және жұмыс тобымен бірлесіп жүргізіледі.

Оның айтуынша, барлық есептеулер қайта жасалынады.

«Алдын-ала 11 млн теңге сомасы аталды. Қазір біз тағы да қосымша өзекті есептерді жасап жатырмыз, олардың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға жұмсауға болатын жинақтаушы соманың қанша қажет екенін анықтау үшін. Жасы маңызды болмайды. Барлығы тек жинақ сомасына байланысты болады», — деді Сапарбаев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!