Тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция салынды

14:30, 20 шілде 2018

Алматы. 20 шілде. 7kun.kz – ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция салынғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрылыс саласында биыл 12,1 млн. шаршы метр тұрғын үйді немесе 103 мыңнан астам баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Республика бойынша 49 667 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 20 532 жеке үй бар.

«Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ипотеканы одан әрі дамыту және төлем қабілеті бар халықты қолдау мақсатында «7-20-25» жаңа ипотекалық несиелендіру бағдарламасы енгізілді. 2018 жылы тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция салынды. 2017 жылғыдан 28,4% жоғары. Төмен пайызды ипотека жаңа құрылыстан баспана алуға беріледі. Ұлттық банктің дерегі бойынша биыл 4 шілдеден бастап кредиттік комиссияның қарауына өтініштер түсе бастады. Бүгінгі күні 148 өтініш жолданып, 1,1 млрд. теңге болатын 95 ипотекалық кредит мақұлданды», – деді министр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!