Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 28 млрд теңге бөлінеді

15:09, 19 ақпан 2019

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – Бюджеттік несие тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне (ТҚЖБ) қазақстандықтарға ұзақ мерзімге жеңілдікті ставка бойынша қарыз беруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қатысушыларына несие беру үшін 5 жылға, яғни 2017-2021 жылдарға 120 млрд теңге бөлу қарастырылған болатын. Аталған қаржының 28 млрд теңгесі биыл бөлінбек.

«Бюджеттік кредит Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жылдық 0,15%-пен 20 жылға берілмек. Салымшыларға берілетін займдардың бастапқы жарнасы 20%-ке дейін болған жағдайда 25 жылға 5%-пен беріледі», – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Мәселен, құны 8,4 млн теңге тұратын 60 шаршы метрлі екі бөлмелі пәтердің ай сайынғы төлемі 60 мың теңгені құрайтын болады.

«Бөлінген қаржы 3 111 салымшының қолжетімді займ алуына мүмкіндік береді», – деп қосты Қасымбек.

Министрдің ақпараты бойынша бұл қаржы алдағы 15 жылда 3 рет айналымда болады. Яғни, тағы 6 мың салымшыға займ беріледі.

2018 жылы банк 360 млрд теңгенің 38,3 мың займын берді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!