Toyota Қытайдағы автокөлік өндірісін тоқтатты

12:57, 7 ақпан 2020

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz —  Toyota коронавирустың таралуына байланысты Қытайдағы өз зауыттарында өндірісті уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.

Компанияның мәлімдеуінше, зауыттарды жабу туралы шешім «жергілікті және өңірлік үкіметтердің ұсынымдарын, қосалқы бөлшектер мен логистиканы қоса алғанда, түрлі факторларды қарастырғаннан кейін»қабылданды.

Сонымен қатар, хабарламада зауыттар 10 ақпаннан бастап жабылатындығы, компания «17 ақпаннан бастап қалыпты жұмысына оралуға» дайындалатыны атап өтілді.

Айта кетейік, Қытайда Toyota-ның автомобиль және қосалқы бөлшектер шығаратын12 зауыт бар.

Бұған дейін, Apple компаниясы Қытайдағы барлық кеңселері мен офлайн дүкендерін жапқаны хабарланған. Сондай-ақ, Қытайдағы қызметін басқа компаниялар да уақытша шектеді: Starbucks желісі елдегі 2 мыңға жуық нүктені жауып тастады. Ал Honda мен Nissan автоөндірушілері Уханьдегі жұмысшыларын эвакуациялады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!