Тоқаев шабуылдан аман қалған Жапонияның экс-премьер-министрінің отбасына көңіл айтты

14:54, 8 шілде 2022

Нұр-Сұлтан. 8 шілде. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-парақшасында шабуылдан аман қалған Жапонияның экс-премьер-министрінің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіруде. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін», – деді президент.

Айта кетейік, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ ес-түссіз ауруханаға түсті. Оған Нара қаласында көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуыл жасалған. Күдікті азамат оқиға орнында ұсталды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!