Тоқаев: Рухани жаңғыру – басты бағдарымыз болып қала береді

15:48, 12 маусым 2019

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz – Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді. Бұл туралы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді. Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге деген ұмтылыс — мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер» , — деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттау қажет екенін айтты.

«Бұл қасиеттер халқымыздың бірлігін және ұлтымыздың жасампаздығын нығайтады, бәсекеге қабілетті ел болуға жол ашады. Қазақстанды болашаққа бастайтын — жастар. Сондықтан бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет», — деді Қ. Тоқаев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!