Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есе арттыруды тапсырды

12:57, 16 тамыз 2019

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есе арттыруды тапсырды.

«Мұғалімнің мәртебесін нақты көтеру өте маңызды … Сондықтан мен үкіметке білім беру жүйесіне білікті кадрларды тартуды және мұғалімдердің мәртебесін көтеруді, мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есе көбейтуді тапсырамын», — деді Тоқаев Нұр-Сұлтандағы тамыз педагогикалық конференциясында.

Ол мұғалімдердің жалақысының көтерілгеніне қарамастан, көптеген қосымша жалақы базалық жалақы мөлшерімен шектеліп отырғанын атап өтті, нәтижесінде елдегі 500 мың мұғалім айтарлықтай өсімді сезбейді.

«Мұны тікелей айту керек, мұғалімдердің жалақысы төмен болып қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65%-ын ғана құрайды. Әрине, біз бұған көне алмаймыз», — деді ел президенті.

Ол биылғы жылдың қаңтар айында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында педагогтарға жүктемені қысқартуға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға кепілдік беруге, сондай-ақ материалдық ынталандыруды белгілеуге бағытталған мұғалімдерді қолдаудың кешенді шаралары көзделгенін еске салды.

«Олардың ішіндегі ең маңыздысы — сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін екі есе төлеу, сонымен қатар барлық мұғалімдердің еңбек демалысының мерзімін 56 күнге дейін арттыру, магистр дәрежесіне төлем. Заңның қабылдануы елеулі өзгерістерге алып келеді деп ойлаймын. Үкіметтің міндеті — қабылданған барлық нормалардың іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету», — деп қортындылады Мемлекет басшысы.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!