Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды

19:31, 10 тамыз 2019
770

Нұр-Сұлтан. 10 тамыз. 7kun.kz — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы Президент твиттерде жазды.

«2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі», — деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретіндегі алғашқы жолдауы.

Бұған дейін Президент болған Н.Назарбаев халыққа жыл сайын дәстүрлі түрде Жолдау арнап, алдағы уақытта істелетін ауқымды істерді бағдарлап беретін. Елбасы Президент кезінде халыққа 23 рет Жолдау арнаған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!