Тоқаев елордада қолма-қол ақшасыз төлемдерді ұлғайтуды тапсырды

14:15, 8 қазан 2019
97

Алматы. 8 қазан. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласында қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі төмен. Тек 9%. Салыстыру үшін, Алматыда бұл көрсеткіш 69% құрайды.

«Бұл проблема қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздықтар туғызып қана қоймай, көлеңкелі экономиканың өсуіне алып келеді. Сондықтан Қаржы министрлігіне және қала әкімдігіне қаланың сауда нүктелерінде және қызмет көрсету саласында бақылау-кассалық машиналар мен карта терминалдарының болуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын», — деді президент.

Мемлекет басшысы, сонымен қатар, адамдарды бизнеспен айналысуға ынталандыруды тапсырды.

Бұған дейін қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың бизнесті жүргізуге тартымдылығы артып келе жатқанын, сондықтан осы кезеңде белсенді ШОК субъектілерінің саны шамамен 4 есе өсіп, 125 мың адамға жеткенін айтты. Ал оларды өндіру көлемі 8 есеге артып, 5 триллионға жетті.

Источник: 7kun.kz


Пікір