Тоқаев елдегі митингілердің себебін айтты

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев euronews телеарнасына сұхбат беріп, елдегі митингілер туралы айтты.
«Демонстранттарға келсек, олар наразылық танытып көшеге шықты. Қазір олардың талаптарына зерттеу жүргізіліп жатыр. Талаптардың негізі – әлеуметтік талап. Әлеуметтік проблемалар бар екенін жасырмаймын. Ол адамдардың кедейленуінен шығып отыр. Олар үкіметтен қордаланған әлеуметтік-экономикалық мәселені шешуді талап етіп жатыр. Билік естіді. Біз жұмыс істейміз. Қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген адамдар да бар. Олар жақын арада босатылады. Митингіге кездейсоқ тап болған адамдар бар екенін маған мәлімдеді. Олардан кешірім сұраймыз, яғни оларды тез босатамыз. Сөйтіп бұл мәселе шешіледі», — деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, президент сайлауды әділетсіз өтті дегендер босатылатынын айтқан.
«Әрине, олар босатылады. Себебі бұл – өз пікірі. Мәселен, мен сайлауды әділ өтті деп санаймын», — деді Тоқаев.
Источник: 7kun.kz
Тағы да оқыңыздар:
-
18:01, 13 желтоқсан 2019
Қазақстанның бюджетіне аударылатын қаражат көлемі өсті
-
17:24, 13 желтоқсан 2019
FlyArystan алғашқы халықаралық рейсін орындады
-
16:31, 13 желтоқсан 2019
LRT ісі бойынша кінәлілердің есімдері аталды
-
15:53, 13 желтоқсан 2019
Президент 200 кәсіпорынды цифрландыруды тапсырды
-
15:21, 13 желтоқсан 2019
Америкалық Tyson Foods Қазақстанда зауыттар салады
Пікір