Тоқаев — Баталовқа: Өңірге іссапармен барамын — көремін

16:28, 24 қаңтар 2020
666

Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың үкіметтің кеңейтілген отырысындағы аймақты газдандыру туралы баяндамасы кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өңірге іссапармен келіп, бәрін өзі тексеретінін айтты.

«Менің сұрағым — газдандыру. Мендегі мәліметтер бойынша, бүгінде 470 елді мекеннің 30 пайызы ғана газбен қамтамасыз етілген. Қандай проблема бар?», — деп сұрады президент.

Баталов өз жауабында, газдандыру жобасының басында көрсеткіштер тек 9-11% ғана болған атап өтті. Оның айтуынша биыл керсеткіш 56%-ға жетеді, ол миллионнан астам адамның газбен қамтамасыз етілетінін білдіреді.

«»Үкіметтің көмегімен біз Алматыдан Талдықорғанға дейін 254 шақырым магистралды газ құбырын аяқтадық. Содан кейін өз қаражаты есебінен Текелі қаласына дейін магистралды газ құбыры жүргізілді. Қазір Талдықорғаннан Үшарал бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Егер газдандыруға жататын елді мекендердің санын санаса, біз биыл газды 1,4 миллион адамға жеткіземіз. Бұл облыс тұрғындарының 56 пайызы — біз жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді өңір басшысы.

«Мен жылдың екінші жартысында облысқа іссапармен барамын, сол кезде көреміз», — деді Тоқаев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!