ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты
Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Молдавияның құрылысты бағалаушылар өз елдеріндегі баға белгілеу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Іс-шараға сондай-ақ Түркия елінен келген сарапшылар да қатысты.
Тәжірибе алмасу Алматы қаласында өткен халықаралық іс-шараның –ТМД елдерінің құрылыс саласындағы баға белгілеу жөніндегі комиссия отырысының шеңберінде болды.
Халықаралық іс-шара ТМД қатысушы елдерінің құрылыс саласындағы ынтымақтастық бойынша үкіметаралық кеңесінің басшылығымен өтті және Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта Қазақстан және Беларусь құрылыстағы сметалық бағаларды анықтау кезінде ресурстық әдісті басшылыққа алады, бұл сметаларды құрылыс материалдарына нарықтық бағаларды есепке ала отырып, қалыптастыруды ұйғарады. Қазақстанда баға белгілеудің ресурстық әдісі 2015 жылы қолданысқа енгізілді, баға белгілеудегі реформаның орындаушысы ҚазҚСҒЗИ болды.
Өз кезегінде, Ресей өкілдері құрылыста ресурстық әдісті пайдалануға өтуді 2022 жылы жүзеге асыру жоспарланып отырғаны туралы айтып берді.
Халықаралық іс-шараның шеңберінде РҒТО (Беларусь) директоры, Комиссия төрағасы, Геннадий Пурс Комиссияның 2018 жылғы жұмысының қорытындылары туралы баяндамасын ұсынды, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің жанындағы құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы Рабиға Бисенова Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу жүйесіндегі даму жолдары және қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып берді. ҚазҚСҒЗИ Нормативтерді әзірлеу жөніндегі орталық директоры Арман Хасен кеңестен кейінгі кеңістік (1991 – 2018) елдерінің баға белгілеу жүйесіне талдамалық шолуын ұсынды. Өз кезегінде, Хусейн Челик, Түркия елінің Қоршаған орта және қала құрылысы министрлігі жоғарғы ғылыми кеңесінің мүшесі Түркия елінің құрылысындағы баға белгілеуге таныстыру шолуын жүргізді.
ТМД елдерінің құрылыс ресурстарын кодтау жүйесімен үйлестіру, құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологияларындағы баға бегілеу, сондай-ақ ВІМ-модельдердің сметалық аудиті мәселелері де талқыланды.
Анықтама
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл