Тиянақталған және құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі бар депозиттер: не нәрсеге көңіл бөлу қажет
© Сурет: рixabay
Қазақстандықтар сыйақы мөлшерлемесі тиянақты белгіленген депозиттерді жақсы біледі. Ол тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді. Депозит нарығы дамыған сайын жаңа банктік өнімдер пайда болатыны анық. Міне, солардың бірі – сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы депозиттер, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ мәліметінше, мұндай депозиттердің бірқатар ерекшеліктері бар.
Басты ерекшелігі — сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы депозиттер бойынша табыстылық деңгейі тиянақты белгіленбеген және сәйкесінше салымның мерзімі барысында өзгеруі мүмкін.
"Құбылмалы мөлшерлеме екі құрамдас бөліктен тұрады: базалық көрсеткіш пен пайыздық спредтің қосындысы ретінде айқындалады. Бұл ретте Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі немесе инфляцияның ресми көрсеткіші базалық көрсеткіш ретінде қабылдануы мүмкін. Пайыздық спредтің шамасын банк клиентпен шарт жасасу барысында бекітеді және ол кейін өзгертуге жатпайды. Өз кезегінде базалық көрсеткіштің нақты мәні (мысалы, базалық мөлшерлеменің, инфляцияның әсерінен) салымның мерзімі барысында өзгеруі мүмкін. Сәйкесінше мөлшерлемесі құбылмалы депозиттер үшін табыстылық деңгейі тұрақты емес – мысалы, егер салымның мерзімі барысында базалық көрсеткіштің мәні төмендейтін болса, онда сыйақы мөлшерлемесі де төмендеу жағына қарай өзгеретін болады"- делінген хабарламада.
Егер мөлшерлемесі тиянақты белгіленген депозитті қарастыратын болсақ, банк салымның мерзімі барысында оның пайыздық мөлшерлемесін өсіру жағдайын қоспағанда, біржақты ретпен бұзуға құқылы емес. Салымды келесі мерзімге автоматты түрде ұзарту талабы шартта қарастырылған болса, банк шартты ұзарту сәтінде сыйақы мөлшерлемесін өзгерте алады.
"Банктер өздерінің өнімдерін қалың көпшілікке таныту барысында клиенттердің назарын әлеуетті тәуекелдерге аудармауға тырысады. Салымның егжей-тегжейі сілтемелерде немесе өте ұсақ әріптермен берілуі мүмкін және сол үшін де салымның табыстылығына тікелей әсер ететін мұндай тетіктер салымшылардың назарын өзіне аудара бермейді. Ал салымшылар бірінші кезекте ағымдағы жоғары пайыздық мөлшерлемеге көңіл бөледі. Ал ол жарнама жарияланған уақытта немесе салымның шарты жасалған сәтте ғана өзекті болатыны рас. Дегенмен кейіннен өзгеруі мүмкін",- деп атап өтті ведомство.
2024 жылдың тамыз айынан бастап, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының және қаржы реттеушісінің бастамасы бойынша банктер үшін салымдарға қатысты арнайы талаптар енгізілді. Соған сәйкес банктер енді салымдар бойынша ең өзекті ақпараттарды түсінуге ыңғайлы етіп, кестелі нысанда және үлкен әріптермен беруге міндетті. Мұндай тәсіл салымшылардың назарын депозит бойынша максималды кепілдік сомаларына, салымның түрі мен валютасына, сыйақы мөлшерлемесі мен оның төлеу тәртібіне және депозиттің мерзімін ұзарту, сондай-ақ одан мерзімінен бұрын алу ақша алу талаптарына аударуға мүмкіндік береді.
"Бұл ақпарат клиент банк салымы шартын немесе банк шоты шартын, оның ішінде электронды түрде жасасу барысында қол қоятын өтініште немесе басқа да құжатта бірінші беттен бастап көрсетіледі. Салымды онлайн түрінде немесе мобильді қосымшада ашқан жағдайда "депозиттің талаптарымен келістім" деп қанат белгіні қоя бергеннен көрі, сол қол қоятын құжатты жүктеп алып, мұқият танысып шықан жөн. Депозиттің талаптарын түсіну жинақ ақшаны орналастыру жайында саналы, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. ҚДКБҚ салымшыларға депозитті ашпастан бұрын, банк салымы шартының немесе жалпы оферта шарттың талаптарын мұқият оқып, зерделеуге табанды түрде кеңес береді".ҚДКБҚ баспасөз қызметі
Бұған дейін Сот төрелігі академиясына түсудің жаңа ережелері әзірленгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:02, 11 желтоқсан 2024
Қазақстанда доллар тағы да күрт көтерілді
-
12:08, 11 желтоқсан 2024
11 желтоқсандағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
15:56, 10 желтоқсан 2024
Қазақстандағы саудада доллар тағы құлдырады
-
11:03, 10 желтоқсан 2024
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі 10 желтоқсандағы валюта бағамдары
-
11:27, 9 желтоқсан 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 9 желтоқсандағы валюта бағамдары