Тим Кук: Қаржы айналымынан қолма-қол ақша шыққан сәтке дейін өмір сүремін деп үміттенемін

13:23, 16 ақпан 2018

Алматы. 16 ақпан.7kun.kz — Соңғы жылдары айфон иелері сауда жасауда Apple Pay төлем жүйесін  жиі қолданғанымен, Apple басшысының осы технологияның ауқымдылығына көңілі толмайды, деп мәлімдеді hightech.fm.

Купертинодағы (АҚШ) акционерлер жиналысында Тим Кук, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға толықтай әлемдік деңгейде көшуді күте алмайтынын айтты.

Сондай-ақ, жиналыста ол Apple-дің ғылыми зерттеуге құйған мол қаражаттары мен денсаулық сақтау саласындағы амбициялары жайлы әңгімеледі.

Apple-дің жаңа кампусындағы акционерлер жиналысында Тим Кук Apple Pay мобилді төлем жүйесінің мәселелері жайлы соз қозғады.

Компания сервисті 2014 жылы іске қосқан. Алайда әлемдік төлем терминалы жаңа функцияны қолдамады. Тек соңғы жылдары жағдай аздап жақсарды.

Кездесу барысында Кук Apple Pay сервисі, әсіресе Ресей мен Қытайда жиі қолданылатынын, бірақ компания бұл нарыққа аса басымдық бермегенін атап өтті.

Кук, сондай-ақ 2018 жылы Apple ғылыми зерттеу мен әзірлеу жұмыстарына бюджетті арттыруды көздеп отыр. 2017 жылы компания 12 млрд доллар жұмсаған. Ал биыл дамуына 16 млрд доллар жұмсауды жоспарлап отыр.

“Бұл үлкен сома, бірақ ол Apple-дің болашағына деген біздің сенімімізді көрсетеді”, – деді Тим Кук.

Сонымен қатар, кездесуде Кук федералдық медициналық сақтандыру бағдарламаларына көз салмастан, Apple-дің өз бетінше жасап жатқан медициналық сервисі жайлы жоспарын айтты.

“Біз бұрын әрдайым қалай әрекет етсек, солай жұмыс жасай аламыз. Яғни, өнімді тұтынушының көзқарасымен қарап жасаймыз. Біз үшін, үкімет бізге компенсация жасай ма деп уайымдаудан гөрі,  пайдаланушының денсаулығын жақсарту маңызды” – дейді Кук.

Жуырда iOS-та  пайдаланушылардың медициналық деректері үшін Health Records жаңартылған бөлімі пайда болады. Сонымен қатар, Apple компаниясы көптеген компаниялар мен зерттеушілер диагностика құралы ретінде пайдаланатын «Apple Watch» ақылды сағаттарына да үміт артып отыр. Себебі жақында Cardiogram стартапы әзірлеген нейрондық желі Apple Watch-дан алынған деректерді пайдалана отырып, 85 пайыз дәлдікпен диабетке диагноз қоюды үйренді.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!