The Washington Post софтверлік компанияға айналады

16:48, 23 қараша 2017
473

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — The Washington Post бизнес үлгісі мен баспа платформасын өзгерттіп, софтверлік компанияға айналады. Бұл туралы әйгілі басылым хабарлады.

2013 жылы The Washington Post-ты Amazon-ның негізін салушы Джефф Безос сатып алған тұста басылымда нақты даму стратегиясы жоғын, алда түрлі эксперименттер күтіп тұрғанын айтқан еді. 2014 жылы басылым контентін басқару жүйесін жасау Arc Publishing бөліміне берілген. Оның жұмысының нәтижесінде Arc платформасы жұмыс істей бастады. 2017 жылы бұл бөлім жұмысы табысты бола бастаған. Бүгінде Arc платформасында Los Angeles Times, канадалық Globe and Mail, New Zealan Herald және Alaska Dispatch News және орегондық Willamette Week жұмыс істей бастады. Бүгінде Arc-ты 300 миллион адам оқиды.

БАҚ өкілдері трафик үшін ақша төлейді. Сол себепті басылымның ісі қаншалықты сәтті болса, CMS өкілдерінің табысы да артады. Arc платформасында жұмыс істеу үшін төленетін айлық мөлшерлеме 10 мың доллардан бастап, 150 мың долларға дейінгі аралықты құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!