Тәжікстан Қазақстаннан локомотивтер мен вагондар сатып алады

09:41, 12 шілде 2019
571

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — Қазақстан мен Тәжікстан өкілдері қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасы мен локомотивтерді жеткізу туралы шарттарға қол қойды. Бұл туралы «KazakhExport «ЭСК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Тәжікстанға сапары аясында уағдаластықтарға қол жеткізілді.

«Тәжіксельхозлизинг» республикалық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны KazakhExport қолдауымен «Агромашхолдинг» АҚ-нан ESSIL маркалы қазақстандық комбайндар мен басқа да ауыл шаруашылығы техникасын сатып алады», — делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Еуразиялық Даму Банкі мен «Рохи Охани Точикистон» мемлекеттік біртұтас кәсіпорны (Тәжік темір жолдары) KazakhExport сақтандыру қолдауымен 35 млн долларға теміржол машина жасау өнімдерін сатып алу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруға келісті.

«Тәжік тарапы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-нан маневрлік және магистральдық локомотивтерді, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС шығаратын жүк вагондары мен жартылай вагондарды, сондай – ақ «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС шығаратын темір жол рельстерін сатып алуға қызығушылық білдірді», — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 845,9 млн долларды құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!