Tengri Bank басқармасының құрамы өзгерді

10:08, 22 шілде 2019
329

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz  —  Tengri Bank Басқармасы құрамында өзгерістер болды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасында (KASE).

Жарияланған құжатқа сәйкес, құрамнан Басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Бекқали шығарылды. Бұл лауазымға Pawan Singh (Паван Сингх) сайланды.

«Енгізілген өзгерістерді ескере отырып,» Tengri Bank» басқармасы үш адамнан тұрады: Құмар Динеш, Бақтияр Ильясов, Pawan Singh (Паван Сингх)», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Tengri Bank» АҚ  — ҚР-ның  коммерциялық банкі, заңды және жеке тұлғаларға банктік қызметтер спектрін ұсынады. Банктің ірі акционері (41,64%) —  Punjab National Bank (Үндістан).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!