Теңгеде тек қазақша жазу болады

17:46, 22 ақпан 2019
656

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 12 желтоқсанда қол қойған«Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталарының дизайны тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлыққа сәйкес теңгеде тек қазақша жазу болады, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұжырымдама сәйкес, банкноттар мен монеталар дизайнының міндетті элементтері болып табылады:

номиналдың сандық немесе әріптік белгісі;

қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, түпнұсқалықты анықтауға мүмкіндік беретін және қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін элементтер;

эмитенттің елінің ресми атауы;

банкноттардың бет жағында және монеталардың бет немесе сырт жағында орналасқан ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі.

Банкноттар дизайнының қосымша элементтері сериялық нөмірі және дизайнның бекітілген жылы болып табылады.

Монета дизайнының қосымша элементі – монетаның соғылған жылы.

Банкноттар мен монеталар дизайнында келесі суреттердің бірі немесе бірнешеуі қолданылады:қазақ ою-өрнегі немесе оның құрамдас бөліктері;

Қазақстанның тарихы мен дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың портреттері;

Қазақстанның бірегей тарихи, географиялық орындары мен сәулет ескерткіштері немесе олардың фрагменттері;

мемлекеттік және халықаралық оқиғаларға арналған суреттер;

Қазақстан флорасы мен фаунасы өкілдерінің бейнесі;

тарих, мемлекет, саясат, құқық, экономика, ғылым, білім, мәдениет, өнер, спорт, Қазақстанның дамуымен байланысты бейнелер;

Дүниежүзілік құндылықтарға, игіліктерге, тарихқа және мәдениетке байланысты суреттер;

ҚР Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі;

өзге сандық және әріптік жазулар.

Банкноттар мен монеталардың дизайнында пайдаланылатын жазбалардың мәтіні мемлекеттік тілде жазылады. Инвестициялық және коллекциялық монеталардың дизайнында шет тіліндегі жазбаларды пайдалануға болады.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!