Теңге тағы да нығая түсті

11:45, 13 желтоқсан 2019

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 383,47 теңгені құрады. 12 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда (384,76 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 1,29 теңгеге нығайды.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 387 теңге, Алматыда — 386,5 теңге.

Ұлттық Банктің 13 желтоқсандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 384,63 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!