Теңге қайта құнсызданды

11:55, 11 маусым 2019
434

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 383,68 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (383,01 теңге/$1) ұлттық валюта 0,67 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 383,49 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 383,79 теңге, жабылу курсы бір долларға 383,72 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі94 млн 500 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 222.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 386 теңге, Алматыда – 386,3 теңге.

Ұлттық Банктің 11 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 383,04 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!