Теңге бағамы одан әрі көтеріліп жатыр

16:20, 17 қаңтар 2018

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 17 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 326,84 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 326,15 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 327,28 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 326,15 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 121 млн 250 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 307.

Ақша айырбастау орындарында 17 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.20) Алматыда 329 теңгені құраған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!