Теңге бағамы құлдырады

13:14, 1 тамыз 2018

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы 1 тамыздағы Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 347,92 теңгені құрады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 347,50 теңге, ең жоғары – 348,20 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 348,16 теңге көлемінде сақталды. Доллар бойынша сауда көлемі 73 млн 500 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 146.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:50- де 348,8 теңге, Алматыда – 349,3 теңге.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!