Telegram-ның иесі $1,7 млрд қайда кеткені туралы сұраққа жауап береді

15:32, 5 қаңтар 2020

АҚШ-тың құнды қағаздар жөніндегі комиссиясы Telegram-нан инвесторлар салған 1,7 миллиард доллардың қайда кеткенін түсіндіруді талап етті.

Бұған себеп — Telegram TON блокчейн-платформасы мен Gram криптовалютасы үшін алған инвестицияның қайда жұмсалғанын айтпаған. Комиссия бұған дейін де Telegram-нан талап еткенімен, Павел Дуровтың компаниясы қаражатты алғаны туралы ғана құжат берген. Ал қалай жұмсалғаны туралы ақпарат жоқ.

Павел Дуровтың комиссия сұрақтарына 7-8 қаңтар күндері Дабайда жауап беретіні белгілі болды.

Айта кетейік, компания 31 қазанға дейін криптовалютаны іске қосу керек еді, болмаған жағдайда қаражатты кері қайтаруы тиіс. Алайда АҚШ-тың құнды қағаздар жөніндегі комиссиясы қаражат жинауға тиым салған. Өйткені құнды қағаздармен келісім дұрыс рәсімделмепті.

Telegram-да Gram валюта да, құнды қағаз да емес, сондықтан келісімдер дұрыс рәсімделді деп отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!