Telegram қуатты хакерлік шабуыл туралы хабарлады

15:03, 13 маусым 2019

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Telegram  мессенджері DDoS-шабуылға тап болды, бұл оның жұмысына кедергі келтіруі мүмкін екені мессенджердің ресми Twitter-аккаунтында жарияланған хабарламада айтылған. 

«Тап қазір қуатты DDoS-шабуылға тап болдық. Америка елдеріндегі және басқа елдердегі кейбір қолданушылар мессенджерге қосыла алмауы мүмкін», — деп хабарлайды Telegram.      

Қазір  сайттар жұмысындағы ақауларды қадағалап отыратын DownDetector сайты Telegram-дағы проблемалар туралы шағымдардың бар екенін нақтылап отыр.  Олардың басым бөлігі Брапзилия мен АҚШ-тан келіп түсуде. Сондай-ақ Еуропадағы қолданушыларда да қиындық бар екені байқалады.

Қолданушылар мессенджер жұмысындағы қиындыққа 11 маусым күні де шамыданған. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!