Технодом тауарлары Kaspi.kz-те сатыла бастайды

16:17, 19 шілде 2018
1096

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – 20 және 21 шілде күндері Қазақстанда бөліп төлеуге зат сатып алғанды жақсы көретіндер үшін көптен күткен бүкілхалықтық Kaspi Жұма мерекесі өтеді.

Мереке қарсаңында электр тұрмыстық және компьютерлік техника дүкендерінің жетекші ұлттық желісі Технодом Kaspi.kz-те зат сата бастайды. Бұл туралы Kaspi-дің баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз Kaspi.kz-тің серіктестерінің қатарында Технодомды көргенімізге қуаныштымыз! Енді сүйікті клиенттеріміздің Технодомның тауарларын Kaspi.kz мобильді қосымшасында несиеге, бөліп төлеуге, Kaspi Gold-пен және Kaspi Red-пен зат сатып алуға мүмкіндігі бар. Әсіресе Технодомның бүкілхалықтық Kaspi Жұма мерекесіне қатысатыны және сүйікті клиенттеріміздің пайызсыз және артық төлемсіз 24 айға бөліп төлеуге зат сатып ала алатыны бізді қуантады. Барша қазақстандықтардың Kaspi.kz-пен тиімді зат сатып алуына тілектеспіз!» – деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.

«Kaspi.kz – Қазақстандағы электрондық коммерцияның көшбасшысы, Технодом – электроника тауарларының жетекші ұлттық желісі. Біз Kaspi.kz-пен стратегиялық серіктестікті бастағанымызға және бөліп төлеуге зат сатып алғанды жақсы көретіндерге арналған бүкілхалықтық Kaspi Жұма мерекесіне бірден қосылғанымызға қуаныштымыз. Біздің дүкендерімізде бүкіл ел бойынша тауарлардың ең кең ассортименті ұсынылған және біз клиенттерге жоғары сапада қызмет көрсетуге аса көңіл бөлеміз. Kaspi.kz-пен бірге біз әр қазақстандық үшін тауарларымызды бұрынғыдан да қолжетімді және зат сатып алуды бұрынғыдан да тиімдірек етеміз», – деп атап өтті Технодом желісінің бас директоры Питер Себестьен.

Kaspi.kz – Қазақстандағы электрондық коммерцияның көшбасшысы. Kaspi.kz-те сан алуан санаттағы 50 мыңға жуық тауар ұсынылған: смартфондар, компьютерлер, тұрмыстық техника, балаларға арналған тауарлар, жиһаз, көлікке арналған тауарлар, үйге, жөндеуге арналған тауарлар және көптеген басқасы. Kaspi.kz арқылы қазақстандықтар бағаларды салыстыра алады, тауарлардың сипаттамаларымен таныса алады, тауарлар мен сатушылар туралы басқа сатып алушылардың пікірлерін оқи алады, бөліп төлеуге, несиеге, Kaspi Gold-пен және Kaspi Red-пен тиімді зат сатып ала алады. Kaspi Gold-пен және Kaspi Red-пен зат сатып алғаны үшін Бонус есептеледі.

Технодом – Казнеттің маркетплейсі және электроника дүкендерінің жетекші ұлттық желісі. 2002 жылы құрылған, Қазақстанда 80 дүкені және Қырғызстанның астанасында 4 дүкені бар. Миссиясы – клиенттің күткенінен асып түсетін жоғары деңгейдегі сервисті ұсына отырып, оның қажетіне жарау.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!