Тау-кен индустриясына цифрлық шешімдерді қалай енгізуге болады?

12:23, 13 сәуір 2021
3427

14 сәуір күні цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесін алмасуға арналған «Digital Tech&Edu Mining» шарасы өтеді. Қазақстандық компаниялар Ресейлік ең ірі«Росатом» компаниясының «Умные каски» жобасы аясында өз қызметкерлерінің денсаулығын онлайн режимде бақылай алатын біле алады.

«Бұл шешім COVID кезінде маңызды болды. Өйткені қашықтағы кеніштерде, вахталық қоныстардағы вирус жұқтыру туралы біліп, анықтап, уақытында көмек көрсету қажет», дейді «Digital Tech& Edu Mining» платформасын ұйымдастырушы Алия Жунусова.

Оның айтуынша қазақстандық сарапшылардың арасындағы сауалнама қорытындысы бойынша анықталғаны – өндірісте Жасанды интеллект енгізу аса маңызды. Сондықтан 14 сәуірде өтетін шарада технологиялық процесстерге жасанды интеллект енгізу кейстеріне баса мән беріледі. Сонымен қатар кеніштердегі жырықтарды картаға енгізу үшін ақылды құрылғыларды қолдану тақырыбында Назарбаев универистетінің Тау-кен ісі және ғылымы мектебінің профессоры Манхаль Сират сөз сөйлейді.

«Digital Tech&Edu Mining» — Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен саласындағы мамандардың бизнес-кейстерді талқылау, вебинарлар мен воркшоптар арқылы  цифрлық шешімдер бойынша тәжірибе алмасуына арналған ерекше онлайн-алаң.

«Digital Tech&Edu Mining» шараларына қатысу тегін: https://us02web.zoom.us/j/81879261438?pwd=OFN0ckIzSFFXem1VL1JqM1VrT2lmUT09 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!