Таңғы сессияда доллардың ресми бағамы 327,20 теңге болды

11:10, 22 мамыр 2018

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 22 мамырдағы доллардың орташа бағамы 327,20 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 326,89 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 328 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 327,21 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 112 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 213.

Ақша айырбастау орындарында 22 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 329,50 теңгені құраған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!